Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қапшағай көпсалалық колледжінде

«Сыбайлас жемқорлықты алдын алу»  жұмыстары туралы ақпараты

 

          Қапшағай көпсалалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Қапшағай қаласының жастары ресурстық орталығының маманы, қалалық «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Д.Кабдоллина, қалалық «Nur Otan» партиясының кеңесшісі С.Әдбіхалықов және қалалық ІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Төлебай қатысты. Кездесудің басты мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа жол жоқ екендігін білімгерлердің санасына сіңіру.

Студенттердің қатыстырылуымен болған кездесу жемқорлыққа қарсы видеороликтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         «Саналы ұрпақ» клубы студенттері «Сыбайлас жемқролық фактілерінің алдын-алу» бағытында  сауалнама жүргізді. Сауалнама қортындысы төмендегідей:

1. «Сыбайлас жемқорлық» деп нені түзінесіз? (Бірнеше нұсқаны таңдауға болады)»: студенттер 97,7%-ы түсінеміз деген сұраққа, 2,3% қиналамын деген жауап берген;

2.  «Жемқорлық фактілері орын алған жағдайда қайда жүгінесіз?» деген сұраққа:

  • «Сенім телефонф» - 17,3%,

  • «Сенім жәшігі» - 23,4%,

  • «Ата-анама» - 25,5%,

  • «Оқытушыларға» -19,7%,

  • 14,1% қиналамын деген жауап берген;

3.   Сіз колледжде сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?:

 «Жоқ» деген жауапқа 99,3, 0,7% қиналамын деген жауап берген;

  Атқарылған жұмыстар БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. instagram.com/p/CMTlbZ3APCr/?igshid=oig2apv2tx7x  парақшасына салынған.

WhatsApp Image 2021-03-17 at 16.24.47.jp
WhatsApp Image 2021-03-17 at 16.24.47 (2
WhatsApp Image 2021-03-17 at 16.24.47 (1